28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы №260

301 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 31 желтоқсан , Алматы қаласы «Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер белгілеу кодтарының тізбесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. «Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында: 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Экономика секторы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономика секторының кодына сәйкес қойылады. 12. Төлемді белгілеу коды Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген Төлем белгілеу кодтарының жан-жақты кестесіне сәйкес қойылады.»; 18-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «18-2. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық), екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер), «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген банк шоттары бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі – бұрын еншілес банк болған заңды тұлға) ұсынады және Ұлттық Банк Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға сәйкес қалыптастырады.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Мәліметтерді: 1) Орталық – есепті айдан кейінгі айдың жетінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей; 2) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға – есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей ұсынады және Ұлттық Банк қалыптастырады; 3) бас банк және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер туралы заңға сәйкес қосылу жүзеге асырылатын банк – есепті айдан кейінгі айдың жиырма бірінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей ұсынады. Егер Мәліметтерді ұсыну мерзімі жұмыс емес күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні Мәліметтерді ұсыну күні болып саналады.»; мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын: «21. Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ұйымдар: 1) есепті айда Мәліметтерде көрсетілетін төлемдер және ақша аударымдар болмаған кезде бұл туралы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей хабарлайды; 2) бұрын ұсынылған Мәліметтерден қателер анықталған жағдайда қателерді түзетеді және дәйекті Мәліметтерді Ұлттық Банкке Мәліметтерді ұсыну үшін Қағидалардың 20-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.»; 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын. 2. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О.Пірматовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы, осы қаулыға 1-қосымшаның Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесінің жаңа редакцияда жазылған, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 014, 031, 089, 090, 093, 098 және 099 төлемдер белгілеу кодтары операциялары атауларының өзгерістерін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.a. ______________ Б. Иманәлиев 2016 жылғы 25 қаңтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 260 қаулысына 1-қосымша Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларына 2-қосымша Төлем белгілеу кодтарының жан-жақты кестесі Төлем белгілеу кодтары Операциялардың атауы 0-бөлім «Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар» 002 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің сомасынан, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының оның активтері сомасынан түскен комиссиялық сыйақы 003 Инвестициялық шотқа аударым 004 Зейнетақы төлемдері шотына аударым 005 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған өсімпұл сомаларын қайтаруы 006 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының комиссиялық сыйақысы 007 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақысы 008 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы 009 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл 010 Міндетті зейнетақы жарналары 011 014 төлем белгілеу коды бойынша зейнетақы төлемдерін қоспағанда, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері 012 Міндетті әлеуметтік аударымдар 013 Ерікті зейнетақы жарналары 014 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері 015 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 016 Банктің қаржыландырылған зейнетақы қаражатын және базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруы 017 Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл 018 Инвестициялық кіріс, оның ішінде: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметінен алынған инвестициялық кіріс 019 Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл 020 Зейнетақылардан және жәрдемақылардан сомаларды ұстау, зейнетақылардан және жәрдемақылардан ұстап қалу сомаларын қайтару 021 «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қате есептелген төлемдерді қайтаруы 022 Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар 023 Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару 024 Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару 025 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдар, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражат есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан елу пайызды қайтару 026 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының міндетті әлеуметтік ақша аудару бойынша қате есептелген немесе артық төленген сомаларды қайтаруы 027 Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлем 028 Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару 029 Жергілікті бюджеттерден трансферттер 030 Республикалық бюджеттен трансферттер, оның ішінде: Зейнетақы төлемдерін алушыларға мемлекет кепілдіктерінің сомаларын міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамында нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляция деңгейін ескере отырып төлеу Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан субсидиялау Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан субсидиялау 031 Банктің қате төлемдерді, басқа да төлемдерді қайтаруы басқа да төлемдерге мыналар жатады: Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару оралмандарға бір жолғы төлемдерді қайтару банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қайтару тұрғын үй көмегін қайтару 032 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы 033 Зейнетақылар 034 Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар 035 Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару 036 Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар 037 Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару 038 Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар 039 Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару 040 Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдерді алушыларды, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерді бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған жәрдемақылар 041 Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдерді алушыларды, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерді бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару 042 Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақылар 043 Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару 044 Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу 045 Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды қайтару 046 Асыраушысынан айрылған жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер 047 Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару 048 Жұмысын жоғалтқан жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер 049 Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару 050-топ «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» 051 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 052 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне 053 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға 054 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға 055 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің жесірлеріне 056 Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына 057 Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (ерлеріне) 058 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға 059 Анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақылар 060-топ «Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару» 061 Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша 062 Ұлы Отан соғысының мүгедектері бойынша 063 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар бойынша 064 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар бойынша 065 Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлері бойынша 066 Қайтыс болған әскери қызметшілердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары бойынша 067 Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдері (ерлері) бойынша 068 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғалар бойынша 069 Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақыны қайтару 070-топ «Азаматтардың басқа санаттарына төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» 071 1 және 2-топтағы мүгедектерге 072 3- топтағы мүгедектерге 073 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 074 Көп балалы аналарға 075 Ақталған азаматтарға 076 Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға 077 Басқалары 078 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының аударым сомаларын қайтаруы 080-топ «Азаматтардың басқа санаттарына арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару» 081 1 және 2-топтағы мүгедектер бойынша 082 3-топтағы мүгедектер бойынша 083 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бойынша 084 Көп балалы аналар бойынша 085 Ақталған азаматтар бойынша 086 Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар бойынша 087 Басқалар бойынша 088 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеу 089 Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 090 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша қате есептелген сомаларын қайтаруы 091 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер 092 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді қайтару 093 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл сомасын қайтаруы 094 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы 095 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы 096 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем 097 Банктердің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемді қайтаруы 098 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл 099 0-бөлім бойынша басқа төлемдер, оның ішінде: Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы оралмандарға төленетін бір жолғы төлемдер банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдер мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты тұрғын үй көмегінің мақсаты осы бөлімде ескерілмеген басқа да төлемдер (жәрдемақылар) 1-бөлім «Арнайы аударымдар» 110-топ «Өтеусіз аударымдар» 111 Емделуге арналған аударымдар, оның ішінде: емделуге ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық/ материалдық/ демеушілік көмек бенефициар медициналық қызметтерді жеткізуші болып табылмаған жағдайда, бенефициардың емдеуге ақы төлеуге арналған ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай) 112 Білім беруге арналған аударымдар, оның ішінде: оқытуға ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық/ материалдық/ демеушілік көмек бенефициар білім беру қызметтерін жеткізуші болып табылмаған жағдайда, бенефициардың оқытуға ақы төлеуге арналған ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай) 119 Басқа да өтеусіз аударымдар, оның ішінде: басқа да мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін қайтарымсыз қаржылық/ материалдық/ демеушілік көмек бенефициардың басқа да мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай) зиянды өтеу, оның ішінде сот шешімі бойынша гранттар (оның ішінде тендер бойынша жеңіп алынғандар) аккредитив, кепілдік шарты, қарыз, басқа да шарт немесе келісімшарт бойынша (бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдан басқа) міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы/айыппұл/өсімпұл әр түрлі сипаттағы өтеусіз аударымдар: қайырымдылық, сыйға тарту, алименттер, сатылған лотерея билеттері және олар бойынша ұтыстар 120 Мүшелік жарналар, оның ішінде: ұйымның капиталына қатысуды қамтамасыз етпейтін, бірақ ұйымның қандай да бір қызметті көрсетуін қамтамасыз ететін мүшелік жарна «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына төленетін жарна биржадағы шетел валюталары, бағалы қағаздар бойынша сауда-саттыққа қатысуға арналған жарна қызметкерлердің жалақысынан ұсталған кәсіподақ жарналары 130-топ «Филиалдар мен өкілдіктерді қаржыландыру және филиалдар мен өкілдіктердің қаражатты қайтаруы» 131 Бас ұйымның өзінің филиалдарын және өкілдіктерін, оның ішінде сатып алулардың барлық түрлері бойынша қаржыландыруы 132 Бас ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің ақша аударымдары/ақша қайтаруы 140 Жол чектері бойынша операциялар, оның ішінде: резидент банктің өз клиенттеріне банкке консигнация талаптарымен (клиенттің банкке консигнация талаптарымен келіп түскен жол чегін сатып алуы) келіп түскен жол чектерін сатуы резидент банктің жол чектерінің эмитентіне сатылған жол чектері бойынша ақша сомасын аударуы резидент банктің жол чектерінің эмитентіне банк кейіннен клиенттерге сату үшін сатып алған жол чектері сомасын төлеуі резидент банктің өз клиенттеріне банкке алдын ала төлеу талаптарымен (клиенттің банкке алдын ала төлеу талаптарымен келіп түскен жол чегін сатып алуы) келіп түскен жол чектерін сатуы резидент банктің банк кассасында клиентке жол чегі бойынша ақша сомасын төлеуі жол чектері эмитентінің резидент банкке сатылған жол чектері бойынша өтеу сомасын аударуы қосалқы агенттермен алдын ала шарт бойынша жол чектері бойынша операциялар қосалқы агенттермен консигнация шарты бойынша жол чектері бойынша операциялар 150150 Банктердің корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар, оның ішінде: делдал банктің корреспонденттік шоттар бойынша бір банктен екінші банкке ақша аударуы 160 Нетто-позициялар бойынша есеп айырысу, оның ішінде: төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған, операцияларды есепке алу нәтижелері бойынша есеп айырысу ұйымына ақша аудару төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған, операцияларды есепке алу нәтижелері бойынша банктер арасында ақша аудару банктер арасындағы қарсы төлемдер клирингінің нәтижелері бойынша таза позициялар сомасын аудару 170-топ «Конференцияға, аукционға, тендерге қатысу» 171 Кепілдік жарнасы оның ішінде: конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін жарна конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді және шарттың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін конкурсқа қатысушы - әлеуетті жеткізушілердің ақша аударуы 172 Кепілдік жарнасын қайтару, оның ішінде: конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін жарнаны қайтару конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және шарттың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомаларын қайтару 180-топ «Құжаттандырылған операциялар» 181 Аккредитив бойынша операция, оның ішінде: импортер-клиенттің шотынан аккредитив бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға орнын жабу шотына ақша аудару (жабу сомасы) Клиенттің банк шотынан (аккредитив бойынша ақы төлеуді өтеу) «Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар» шотын өтеуі резидент банктің экспортер-клиенттің шотына ақша аударуы 182 Кепілдіктер бойынша операциялар, оның ішінде: кепіл-банктің клиент алдындағы кепілдік міндеттемелерін орындауы кезінде кепіл-банкке борышкер банкінің/ борышкердің ақша аударуы кепілдік бойынша орнын жабу шотына борышкер клиенттің шотынан орнын жабу сомасын есептен шығару клиенттің банк шотынан (кепілдік бойынша ақы төлеуді өтеу) «Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар» шотын өтеуі 190 1-бөлім бойынша басқа да аударымдар, оның ішінде: 1-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған төлемдер 1-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару төлем мақсаты сәйкестендірілмеген жағдайда, анықтағанға дейін шоттан сомаларды кері қайтару 2-бөлім «Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар» 210-топ «Сатып алу», оның ішінде: алдын ала ақыны қоса алғанда 211 Биржада теңгеге шетел валютасын сатып алу, оның ішінде: биржада шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар 212 Монетарлық алтынды сатып алу 213 Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сатып алу, оның ішінде: қолма -қол емес шетел валютасына қолма-қол теңгені алу банктің қолма-қол емес шетел валютасымен ақы төлеу үшін клиенттің банк шотына теңгені есептеуі биржадан тыс шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар 219 Басқа да бағалы металдарды сатып алу, оның ішінде: тазартылған алтынды және басқа бағалы металдарды сатып алу бағалы металдардың неттингі бойынша операциялар 220-топ «Сату» 221 Биржада теңгеге шетел валютасын сату 222 Монетарлық алтынды сатып алу 223 Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сату, оның ішінде: қолма- қол емес теңгеге қолма-қол шетел валютасын алу клиенттің өзінің банк шотынан теңгемен банкке қолма-қол емес шетел валютасын сатуы 229 Басқа да бағалы металдарды сату, оның ішінде: тазартылған алтынды және басқа бағалы металдарды сату 230 Шетел валюталарын айырбастау, оның ішінде: басқа шетел валютасына екінші шетел валютасын сатып алу/сату басқа шетел валютасына бір шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар 290 2-бөлім бойынша басқа да төлемдер, оның ішінде: 2-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған төлемдер 2-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару тазартылған бағалы металдардағы металл шоттар бойынша сыйақыны орналастыруға, өтеуге және есептеуге байланысты операциялар. 3-бөлім «Салымдар (депозиттер)» 310-топ «Салымдарды (депозиттерді) орналастыру», оның ішінде: банкаралық депозиттер қолма-қол ақша салу немесе клиент-салым иесінің өзге банк шоттарынан ақша аудару 311 Талап ету бойынша салымдарды (банктік салым шарты негізінде ашылған) орналастыру 312 Қысқамерзімді салымдарды (1 жылдан аспайтын) орналастыру 314 Ұзақмерзімді салымдарды (1 жылдан асатын) орналастыру 315 Банктің талап ету бойынша салым бойынша есептелген сыйақыны клиенттің банк шотына есептеуі 316 Банктің қысқамерзімді салым бойынша клиенттің банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі 317 Банктің ұзақмерзімді салым бойынша клиенттің банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі 318 Банктің клиенттің шартты салым бойынша банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі 319 Шартты салымдарды орналастыру 320-топ «Салымнан (депозиттен) алу», оның ішінде: банкаралық депозиттерді қолма-қол ақшаны алу немесе кейіннен клиент-салым иесінің өзге банк шотына ақша аудару жолымен негізгі соманы және есептелген сыйақыны 321 Талап ету бойынша салымнан (банктік салым шарты негізінде ашылған) алу 322 Қысқамерзімді салымнан (1 жылдан аспайтын) алу, оның ішінде: толық соманы төлеу және ішінара алу қысқамерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу 324 Ұзақмерзімді салымнан (1 жылдан асатын) алу толық соманы төлеу және ішінара алу ұзақмерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу 329 Шартты салымнан ақша алу 330-топ «Клиенттердің ағымдағы шотына ақша орналастыру» 331 Ағымдағы шотқа қолма-қол ақша салу 332 Заңды тұлғаның банкке осы заңды тұлға қызметкерлерінің банк шоттарына кейіннен есептеу үшін жалақыны, еңбек демалысының ақысын аударуы 333 Банктің клиенттің банк шотына ағымдағы шот бойынша есептелген сыйақыны есептеуі 334 Банктің клиенттің банк шотына қолма-қол валютамен ақы төлеу үшін қолма-қол емес ақшаны есептеуі, оның ішінде: қолма-қол шетел валютасымен ақы төлеу үшін қолма-қол емес шетел валютасын (оның ішінде комиссиялық сыйақыны ескере отырып) қолма-қол теңгемен ақы төлеу үшін қолма-қол емес теңгені (оның ішінде комиссиялық сыйақыны ескере отырып) 340-топ «Клиенттердің ағымдағы шотынан ақша алу» 341 Ағымдағы шоттардан қолма-қол ақша алу, оның ішінде: бас банкте ашылған ағымдағы шоттан банк филиалында 342 Клиенттің банкте ашылған өзінің бір ағымдағы шотынан осы банкте ашылған өзінің басқа ағымдағы шотына ақша аудару 343 Клиенттің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына ақша аудару 344 Қолма-қол емес валютаға қолма-қол ақша беру (сату), оның ішінде: қолма-қол емес теңгеге қолма-қол теңгені қолма-қол емес шетел валютасына қолма-қол шетел валютасын 345 Клиенттің берілген қарыз сомасын ағымдағы шоттан қолма-қол алуы 346 Банктің чек бойынша ақша төлеуі 350 Банктің бір банктегі өзінің корреспонденттік шотынан жеке қаражатын басқа банктегі өзінің корреспонденттік шотына аударуы 360-топ «Сенімгерлікпен басқарудағы ақша» 361 Сенімгерлікпен басқаруға ақша беру 362 Сенімгерлікпен басқаруға берілген ақшаны қайтару 390 3-бөлім бойынша басқа да төлемдер, оның ішінде: 3-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған салымдар (депозиттер) бойынша төлемдер 3-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару 4-бөлім «Қарыздар» 410-топ «Қарыздар беру», оның ішінде: банктің берілетін қарыз сомасын банк шотына есептеуі қайтарымды қаржылық көмек беру жеке төлем құжатымен ресімделмеген жағдайда, қарыз бойынша ілеспе төлемдер, қызмет көрсетуші банкке комиссиялық сыйақылар 411 Қысқамерзімді қарыздар беру (1 жылдан аспайтын), оның ішінде: овердрафт, овернайт беру 413 Ұзақмерзімді қарыздар беру (1 жылдан астам) 413 1 жылдан астам мерзімге қайтарылатын қаржылай көмек беру 419 Басқа да қарыздар беру (мерзімсіз қарыздар және басқа қарыздар), оның ішінде: мерзімсіз қарыздар/мерзімсіз қайтарылатын қаржылай көмек беру 420-топ «Қарыздарды өтеу», оның ішінде: негізгі борышты және есептелген сыйақыны өтеу (оның ішінде, жедел) мерзімі өткен берешекті өтеу: негізгі борыш және сыйақы уақытша қаржылай көмекті қайтару 421 Қысқамерзімді қарыздарды өтеу (1 жылдан аспайтын), оның ішінде: овердрафтты, овернайтты өтеу 423 Ұзақмерзімді қарыздарды өтеу (1 жылдан астам) 424 Қаржы лизингі 429 Басқа да қарыздар, оның ішінде: мерзімсіз қарызды өтеу/уақытша мерзімсіз қаржылай көмекті қайтару 430 Заңды немесе жеке тұлғаларға бұрын төленген шығыстарды өтеу, оның дебиторлық берешегін өтеу 490 4-төлем бойынша басқа төлемдер, оның ішінде: 4-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген құжаттар бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, қарыздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер 4-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару қарызды өтеуге артық есептелген ақшаны қайтару 5-бөлім «Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар және шетелдік капиталға инвестициялар» 510 Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу, оның ішінде: Капиталдың мөлшері азайған кезде бейрезиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару Бейрезиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу Акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна Капиталдың мөлшері азайған кезде акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару Акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу 520-топ «Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу» 521 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар 522 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар 529 Басқалары 530-топ «Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу» 531 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар 532 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар 539 Басқалары 540-топ «Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды сатып алу» 541 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер 542 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер 543 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар 544 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар 545 Облигациялар 548 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқалары 549 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар басқалары 550-топ «Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды өтеу» 551 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер 552 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер 553 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар 554 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар 555 Облигациялар 558 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқалары 559 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар басқалары 560-топ «Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар» 561 Бөлінбеген таза кіріс және дивидендтер, оның ішінде: Бейрезиденттер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу 562 Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы (пайыздық) 563 Мемлекеттік емес бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар бойынша сыйақы 570 Бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын ашу 580 Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операцияларын жабу 590 Басқа төлемдер, оның ішінде: 5-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер 590 5-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару 6-бөлім «Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жарғылық капиталына қатысу» 610 Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу, оның ішінде: Капиталдың мөлшері азайған кезде резиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару Резиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу Акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна Капиталдың мөлшері азайған кезде акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару Акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу 620-топ «Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу» 621 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналыс мерзімі бар 1 жылдан аспайтын қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерін сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын сатып алу 623 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1 жылдан астам 5 жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1 жылдан астам 5 жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сатып алу 5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу 5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сатып алу 5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді сатып алу Екі және үш жыл айналыс мерзімі бар арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еуроноттары үшін төлемдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еуроноттары бойынша купон үшін төлемдер 629 Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу 630-топ «Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу» 631 1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1 жылдан аспайтын айналыс мерзімі бар қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерін өтеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұзақмерзімді ноттарын өтеу 633 1 жылдан астам өтеу мерзімі бар, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналыс мерзімі 1 жылдан астам 5 жылға дейін ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерін өтеу Қазақстан Республикасы